Экология министрі Зүлфия Сүлейменова азаматтарды жеке қабылдады

31 Тамыз 2023, 20:01 756

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова азаматтарды кезекті қабылдау барысында ұсыныстармен және проблемалық мәселелермен жүгінген 14 адамды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің өңірлерінен, оның ішінде онлайн режимде қосылған қоғам белсенділері «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватын дамытуға, ҚТҚ полигондарының жұмысына, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты мәселелерді айтты.

Сондай-ақ, өзендердің жай-күйіне, қорықтардың жұмысына байланысты проблемалар айтылды, медициналық қалдықтарды қайта өңдеу жобасы таныстырылды. 

Зүлфия Сүлейменова барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап беріп, қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауға алды.

Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өз құзыреті шеңберінде айтылған мәселелерді қарау туралы тапсырмалар берілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: