«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды іс-шаралар өтеді. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қатысушылардың саны 6 миллионнан асты, бұл әрбір үшінші қазақстандық.
Қоқысты сұрыптау — қарапайым әрі тиімді экологиялық әдет. Пластик, шыны, қағаз және органикалық қалдықтарды жеке жинау арқылы табиғатты ластанудан қорғай аламыз. "Экоlife" жобасы осы мәдениетті халық арасында кеңінен насихаттауды көздейді. Жоба аясында қоқыс сұрыптаудың пайдасы, әдістері және оны күнделікті өмірде қолдану жолдары туралы мақалалар, бейнематериалдар және кеңестер жариялануда.
Бүгінде әлем елдері қалдықтарды басқарудың озық үлгілеріне көшіп жатыр. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалмауы тиіс. Әр азамат үйінде, жұмыс орнында сұрыптау мәдениетін енгізсе, бұл үлкен өзгерістердің бастамасы болмақ.
"Экоlife" — тек ақпараттық жоба емес, ол — таза табиғатқа деген нақты қадам. Қоқысты сұрыптау арқылы қоршаған ортаға жанашырлық танытып, келер ұрпаққа таза болашақ сыйлай аламыз.