Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлердің сүйегі елге әкелінді

25 Маусым 2022, 07:53 1991

Мәскеуде Ұлы Отан соғыс майданында табылған үш қазақстандық сарбаздың сүйегін отанына «Атамның аманаты»  атты қоғамдық бірлестік жеткізетін болды, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Жауынгерлердің сүйегін Ресей іздестіру қозғалысы тапқан. 2019 жылдан бері бұл ұйым Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған және із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздарды іздестіріп келеді. Сол кезде бір жарым миллион қазақстандық майданға аттанып, 600 мыңы қаза тапқан болатын. 271 мыңы хабарсыз кеткен. 

«Атамның аманаты» бірлестігіне туыстары жөнінде хабарды білгісі келген 5 мыңдай өтініш түсті. Қазір 1130-ы жөнінде мәлімет табылды. Қазақстан қорғаныс министрлігінің қолдауымен соңғы үш жылда Ресей мен Украинадан 8 сарбаздың сүйегі елімізге жеткізілді. 

Николай Гуровтың туған қарындасы тірі, 90 жаста. Оған хабарлағанда, қатты таңқалды. Ғибадат етіп, құрметпен жерлеу үшін асыға күтіп отыр. Николай Фоменконың екі қарындасы мен інісі аман, жасы сексеннен асқан. Олар да асыға күтуде. Өкінішке орай Үркербаев Төреғалидің туыстары мен жақындарын тапқан жоқпыз, бірақ жерлестері өздері жерлейміз деп шешті, – деді «Atamnyn Amanaty» бірлестігінің жетекшісі Мұрат Молдағалиев.

EL.KZ
Бөлісу: