Екібастұздағы апаттың себебі анықталып жатыр

30 Қараша 2022, 21:39 1523

Қазіргі уақытқа дейін 11 залалдың себептері анықталып, олар жөнделді

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук Екібастұздағы жағдайды баяндау үшін ұйымдастырылған брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгін орын алған залалды жөңдеу үшін Мәшһүр Жүсіп магистраліндегі өшірдік. Бұл қаланың орталығында орналасқан маңызды магистраль болғандықтан, онымен қоса 149 көп қабатты үй жылусыз қалды. Қазіргі уақытқа дейін 11 залалдың себептері анықталып, олар жөнделді. Құбырларды тексеріп, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз”,- деді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук.

Сонымен қатар, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев “Азаматтық құқық қорғау” бабы бойынша азаматтарға қауіп төңген жағдайда жеке обьектілердің жұмысы тоқтатылып, жабылатынын атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: