Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астана халықаралық форумының кулуарында Екібастұздағы жылыту маусымына даярлық жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жылыту маусымының басталуына дейін барлық жұмыс аяқталатынын хабарлаймын, барлық ЖЭС-тегі барлық қазандық пен жылы желілері толық жөндеуден өтеді. Қажетті қаржы бөлінді, жұмыс жүріп жатыр, - деді Скляр.
Премьер-министр орынбсары барлық жұмыс уақытында аяқталатынын айтты.
Өзім желтоқсанда 7 күн сол жақта болғандықтан, мәселені егжей-тегжейлі зерттедім және жылыту маусымында Екібастұзда бәрі болады деп сеніммен айта аламын, - дегенді алға тартты Скляр.