Екібастұзда тұрғын үй жанынан өтіп бара жатқан трактор өртенді. Оқиға Беркімбаев көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы хабарлама алған төтеншеліктер 15 минут ішінде қызыл жалынды сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Осы ретте ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.