Екібастұзда жағдай тұрақталды

30 Қараша 2022, 13:50 1073

Қала тұрғындарына 5 мың электр жылытқыш құрал таратылды

Бұл туралы Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өткен жексенбіде Екібастұз қаласында төтенше жағдай орын алғанын және бүгін жағдай тұрақталғанын тілге тиек етті.

«Бүгінде 149 көпқабатты және 114 жеке үй мен 15 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау аяқталды. Екі күн бұрын жағдай өте қиын болды. Жағдай қазір тұрақты, бүгін жұмыстың 99 пайызы бітеді. Сол себепті, тұрғындармен кездесіп, жағдайын біліп отырмыз. Екібастұз – еңбеккерлердің қаласы. Қала тұрғындары бұл жұмысқа өздері тікелей араласып, қарапайым адамдар өте кәсіби жұмыс жасауда. Наразылық білідіріп, ызаға булыққандарды көрген жоқпын», – дейді Премьер-Министрдің орынбасары.

Тұрғындардың шығынын компания иелері жеке бақылауға алды және өздері өтейді.

«Шығынды компания иелері жабады. Қазіргі таңда жылытқыш құралдары жаратылды. Олар сол адамдардың меншігінде қалады. Бұл алғаш рет орын алған төтенше жағдай емес. Былтыр Петропавлда орын алған болатын. Сол себепті бұл бізге цигнал деп есептеймін. Инфрақұрлым тозған. Оны жаңартудың уақыты келді. Президент өз Жолдауында қазіргі уақытта жаңа бағдарлама жасау керектігін және тарифті инвестицияға алмастыру қажеттігін айтты. Бүгінде компания басшылары өз қаражатын салу керек. Яғни, инвестициялық бағдарламада тарифті алу үшін иелері өзінің қаражатының 20 пайызын құю қажет. Сол себепті, үкімет өзінің қадамын жасап, оларға инвестициялық бағдарлама және тариф бекітеді. Мұндай жаңа саясатты Ұлттық экономика министрлігі дайындау үстінде. Жақында нәтижесін көреміз», – деді Серік Жұманғарин.

Бүгінде 5 мың электр жылытқыш құралы қала тұрғындарына тегін таратылды. Оған деген сұраныс көбейгесін, бағасы да көтеріліп кеткен.

«Жаңа бір үйге бардық. Тура таңертең жылу берілген. Бір қарындас өзім сатып алдым, маған ешкім әкелген жоқ деді. Әкім бірден тапсырма берді. Мұны қолға алды. Сол себепті, барып сатып алуға ешқандай қажеттілік туындамауы тиіс. Жылытқыш құралдары жеткілікті», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала тұрғындарына 5 мың жылытқышты таратқаннан кейін электр энергия 50-52 МВт-қа өскенін айтты.

«Бұрын бұл көрсеткіш 32 МВт болатын. Біз оны жеке бақылауға ұстадық. Ал тұрғындардың энергия шығынын компания тікелей өзі өтейді. Біздің басты мақсатымыз бірінші апаттық және төтенше жағдайды шешіп, халыққа салмақ түсірмеу», – деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: