Екібастұзда колледж студенттері төбелескен

Кеше, 22:36 155

29 қыркүйекте Екібастұз қаласында екі кәмелетке толмаған бала төбелесті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес оқиға №21 мектептің маңында болған.

Колледж студенттері Екібастұз қаласының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, – деді облыстық білім беру басқармасы өкілдері

Екі кәмелетке толмаған жігіттің денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.

Зарина Арман
Бөлісу: