Екібастұзда М.Әуезов көшесі бойында орналасқан көпке белгілі ірі сауда үйінің аспалы төбесі опырылып түсті. Оқиға бүгін 16 ақпанда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауда үйіндегі оқыс жағдайдың видеосы Telegram-арналардың бірінде пайда болды.
Павлодар облыстық ТЖД 6- ӨСБ бастығының орынбасары Асхат Амангелдиевтің айтуынша, 150 шаршы метр алаңдағы аспалы төбе опырылып түскен. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде.
Зардап шеккендер жоқ.