Екібастұзда электр жылытқышынан тоқ соққан ерлі-зайыпты қайтыс болды

16 Ақпан 2023, 10:05 872

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұқар Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шақыртуды пысықтау барысында жеке тұрғын үйден 1959 жылғы ер адамның және 1965 жылғы әйелдің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіттері табылды.

Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды.

Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді.

14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

EL.KZ
Бөлісу: