Екібастұзда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

27 Қазан 2023, 23:52 701

Екібастұзда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған әйел аруханада жатқызылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Екібастұз қаласының полициясы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 26 қазанда Zhong Tong маршруттық автобусын басқарған жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, аялдамада көшеде тұрған әйелді соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші әрі қарай жүріп кеткен.

Апат салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша полиция тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді Павлодар облысының полиция департаменті. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: