Екібастұз жылумен жабдықтау жүйелері күрделі жөндеуден өтеді

2 Сәуір 2023, 14:35 802

Асайын Байханов «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілер қаласында жөндеу науқаны кезінде ыстық судың болмау мерзімін дәл анықтауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл кезең әрбір жеке шағын аудан үшін 2 айдан аспауы тиіс.

Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін Екібастұзда магистральдық және орамішілік жылу желілерінің гидравликалық сынақтары өтеді. Осыдан кейін коммуналдық қызметтер барлық анықталған ақауларды жөндеуге кіріседі.

Бүгін өңір басшысы «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің өкілдерімен кездесті. Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімдігі мен «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің басшылығына жөндеу жұмыстарының нақты жоспарын әзірлеп, қала тұрғындарына жұмыстардың барысы мен оларды жүргізу мерзімдері туралы хабардар етуді талап етті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

EL.KZ
Бөлісу: