Екібастұз жылу-электр орталығына айыппұл салынды

3 Наурыз 2023, 19:00 1044

Екібастұз жылу-электр орталығында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтарда Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Екібастұз жылу-электр орталығында метрология саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтау бөлігінде тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында салыстырып тексеру аралығы бұзылған және салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдарының қолданылғаны анықталды. Мысалы: техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр, мегаомметр. Өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады.

Аталған заңбұзушылық жол берілгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 419-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша 1600 АЕК - 5 520 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Екібастұз қаласы Прокуратурасының заңбұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Екібастұз ЖЭО бұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды.

«Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді. Сондай-ақ Департамент Екібастұз ЖЭО-на қатысты заңды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс шығарды»,-делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: