Екібастұз тұрғынының көлігінен 271 келі мөңке балығы тәркіленді

1 Қараша 2023, 10:18 774

Екібастұз тұрғынының көлігінен 271 келі мөңке балығы тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Май ауданы Қарасора көлінің жағасында полицейлер Екібастұз қаласының 40 жастағы тұрғынының ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің салонынан жалпы салмағы 271 келі болатын мөңке балығының 10 қапшығы табылып, тәркіленді.

Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 30 қазанда Май ауданы ауылының шетінде 27 жастағы ауыл тұрғыны аң ұстауға аң аулау ілмектерін орнатқан. Бұл ретте оның рұқсат беру құжаттары болмаған. Жануарлар әлемін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материал толтырылды, – дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: