Екібастұз қалалық вокзалы жаңартылады. Вокзал маңында орналасқан шағын-сквер де абаттандырылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Асайын Байханов Екібастұзға жасаған кезекті жұмыс сапарын қалалық ЖЭО-дан бастады. Қазіргі уақытта 5 қазандық жұмыс істеп тұр, тікелей жылу беру температурасы - 65 °C және кері қайтару - 45 °C. Бүгін сағат 22:00-ге дейін тағы бір қазандық агрегатын жөндеуді аяқтап, оны резервке шығару жоспарлануда.
Бұдан кейін облыс әкімі жылу станциясынан теміржол станциясына барды, сондай-ақ қалалық вокзалда болды.
«Екібастұзда тұрғанда оның қызметтерін жиі пайдаланатынмын. 90-шы жылдардың аяғынан бері мұнда көп нәрсе өзгермеген деуге болады. Облыс орталығындағы вокзал сияқты, ол да жаңартуды қажет етеді. Бұл мәселемен айналысатын боламыз», - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыстық жолаушылар көлігі басқармасына вокзалды қайта құру жобасын дайындауды тапсырды.
«Екібастұз әкімдігіне вокзал маңында орналасқан шағын-скверді абаттандыру мәселесін пысықтауды тапсырдым», - деп қорытындылады Асайын Байханов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram