Екі жастағы бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойған

13 Қыркүйек 2023, 18:02 1080

Перуде сегіз тал ине жұтып қойған екі жасар бүлдіршінге операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер сәбиге бірден операция жүргізіп, ішіндегі инелерді алып шықты. Бала анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алып, жұтып қойған. Бірақ сол мезетте оны ешкім байқамай қалған.

Дәрігерлер бала операциядан кейін жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен бірнеше күн бақылауда бола тұрады.

Қорада ойнап жүріп тауып алып жұтқан көрінеді. Мен ара-тұра сол фермаға барып, жұмыс істеуге мәжбүрмін. Өйткені бала-шағамды жалғыз асырап отырмын, дейді баланың анасы Нарли Олортеги Писко.

Равиль Ашығали
Бөлісу: