Екі жасар бүлдіршін өзін атып тастады

26 Сәуір 2023, 21:29 960

Мәскеу облысына қарасты Пушкино қаласында екі жасар бала травматикалық тапаншамен өзін атып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

112 тelegram-арнасының мәліметінше, бала үйінен қараусыз қалған қаруды тауып алған. Маңдайынан жараланған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер баланың бас сүйегіне зақым келгенін айтады. Жағдайы өте ауыр. Ақхалаттылар оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: