Екі саяси партия тіркеуден өтпеді – әділет вице-министрі

16 Мамыр, 12:07 1107

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында Қазақстанда қандай саяси партиялардың тіркеуден өтпегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қазақстанда 7 саяси партия, атап айтқанда, «Amanat», «Ақ жол», «Қазақстан Халық партиясы», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы тіркелген.

Ботагөз Жақселекова енді бұл қатарға «Yntymaq» партиясы да қосылады деп отыр.

Бүгінгі таңда Әділет министрлігінде қандай да бір саяси партиялардың өтініштері қаралып жатқан жоқ. Бірақ осы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партия құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралды. «Yntymaq» партиясына қолдау көрсетілді. Екі партияға тіркеуге рұқсат етілмеді, өйткені олардың құжаттары дұрыс болмады. Олар: «Алға Қазақстан» және «Халық дербестігі» партиясы, - деп атап өтті вице-министр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: