Екі қалада терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды

6 Мамыр, 02:32 664

2-3 мамырында Астана және Павлодар қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктелуде.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: