Екі өңірдегі трассаларда жол қозғалысына шектеу қойылды

13 Қаңтар, 23:13 345

Ауа райының қолайсыздығына баланысты Атырау мен Батыс Қазақстан облысындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, 13 қаңтар сағат 22:30-дан бастап Батыс Қазақстан облысында "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасындағы (Сырым ө/п)" автожолының 195-248 шақырым аралығында (ГАИ постынан РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Аталған жол учаскесін 14 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланып отыр. Ал  Атырау облысындағы "Атырау-Орал" автожолының 14-189 шақырым аралығында (Алмалы ауылынан Индер ауданына дейін) 13 қаңтар сағат 21:15-дан бастап  көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл жол 14 қаңтар сағат 00:00-де ашыады деп күтілуде.

Айта кетсек, жолдарға қатысты қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: