Екі облыстағы елді мекендерді су басу қаупі бар

25 Наурыз, 04:39 826

26-28 наурыз аралығында Ақтөбе және Қостанай облыстарында ауа температурасының жылы болуына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей елді мекендерді және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар

Ақтөбе облысында жауын-шашын жаууы ықтимал, сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысында еріген су ағыны қалыптасуы мүмкін. Су объектілеріндегі мұз режимі әлсірей бастады, өзендерде су деңгейі көтерілуде, бұл ретте судың жайылуы мен тасқыны болуы мүмкін.

Сонымен қатар Қостанай облысы бойынша ауа температурасының жылы болуына (түнде 2 градусқа дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін жылы) және жауын-шашынның түсуіне байланысты өңірдегі өзендерде мұз режимінің әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Бұл ретте автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін.

Зарина Арман
Бөлісу: