Екі облыста жол жабылды - ҚазАвтоЖол

Бүгiн, 15:22 161

2025 жылғы 2 ақпанда сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
     
Абай облысы:
- "Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы);
 
Шығыс Қазақстан облысы:   
"Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы);
 
 - "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1125-1191 шақырым аралығы (Предгорное ауылы бұрылысы-Шемонаиха қаласы);
 
 - "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1194 -1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласы-РФ шекарасы);
 
2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған.  
      
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Перизат Саденова
Бөлісу: