Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

6 Наурыз 2023, 10:43 713
Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
"6 наурыз сағат 07:10-дағы жағдай бойынша, екі облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", делінген "Қазавтожол"  хабарламасында.
 
Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тас жолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында;
 
Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында.
 
Синоптиктердің болжамынша, 6 наурыз күні республика аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның әсерінде болады.
 
Еліміздің солтүстігі мен шығысында қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді, орталықта бұрқасын болады деп болжанып отыр.
EL.KZ
Бөлісу: