Екі мыңнан астам медицина қызметкері наградаларға ие болды

21 Қазан 2023, 13:05 708

Денсаулық сақтау министрлігінде салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның барысында медицина жұртшылығының өкілдеріне алдағы Республика күніне орай бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттар табыс етілді.

Дәрігерлер мен еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында ұлт денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға, медицинада инновациялық тәсілдерді енгізе отырып, халықтың игілігіне елеулі өзгерістер енгізуге болады.

Республика күнінің ұлттық мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен екі мыңнан астам медицина қызметкері – «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрметті грамотасымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Асқар Таудай
Бөлісу: