«Екі аяғым екі жаққа кетті». Дариға Бадықова Стамбулда оқыс жағдайға тап болды

22 Қазан, 17:55 8697

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова Түркияда оқыс жағдайға тап болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дариға Бадықова басынан өткен оқыс оқиға туралы әлеуметті желідегі парақшасында жариялады. Актриса кемеде құлап, аяғын көгертіп алған. 

«Катердан екі аяғым екі жаққа кетіп, құладым. Шпагат болды. Аяқ көкала қой болды. Жұрт үйлендіріп, өсек айтып жатса, біз құлап, саундтрек түсіріп жүрміз. Ютубтан клипты көріңіздер! Ол жерде бәрі әдемі болып тұр», — деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары «Кұлкіңіз тура менікі сияқты екен», «Шынайы күлетініңіз ұнайды», «Жасандылық жоқ, күлгені күшті, шынайылық жоқ», «Аяғын оңбай жарақаттап алды-ау», «Аяғын ауыртқан адам осылай күле ме екен», — деп жазды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: