Екі ай бұрын жоғалған 14 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі қамауға алынды

8 Қаңтар, 11:35 1245

Талдықорған қаласында қарашадан бері жоғалып кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ата-анасы қамауға алынды.

14 жасар қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен әлеуметтік желіде шағымданған өгей әкесі қамауға алынды, - деп мәлімдедіоблыстық ПД баспасөз қызметі.

Әзірге күдіктілер қызды өлтірді ме, жоқ па, нақты белгісіз. Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады. 

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: