Egov.kz платформасы уақытша жұмыс істемейді

5 Тамыз 2023, 23:51 1359

Бүгін Egov.kz платформаларының жұмысында уақытша үзіліс болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы «Электронды үкімет» Telegram-арнасы мәлім етті.

Осылайша, ақпараттық жүйенің жұмысы белгілі бір уақыт аралығында уақытша қолжетімсіз болады.

Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі. Осыған байланысты, 5 тамыз сағат 21:00-ден 2023 жылғы 6 тамыз сағат 05:00-ге дейін «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: