Egov.kz ақпараттық жүйесі уақытша жұмыс істемейді

27 Мамыр 2023, 20:55 603

Бүгін Egov.kz платформаларының жұмысында уақытша үзіліс болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы «Электронды үкімет» Telegram-арнасы мәлім етті.

27 мамыр сағат 21:00-ден 2023 жылғы 28 мамыр сағат 06:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Осылайша, ақпараттық жүйенің жұмысы белгілі бір уақыт аралығында уақытша қолжетімсіз болады.  

Перизат Саденова
Бөлісу: