«Egov» және 1414 қызметін қолданады»: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

29 Қазан, 15:20 337

Полицейлер қазақстандықтарға eGov.kz электронды үкімет порталы мен 1414 қызметін пайдаланатын алаяқтар туралы ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облыстық Полиция департаменті мәліметінше, алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен, онда қаскүнемдер мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде танысып, жеке деректерді сұратады немесе жоқ айыппұлдарды төлеуді талап етеді.

Сақ болыңыз! Мемлекеттік органдар қоңыраулар немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды. Егер күдікті хабарлама алсаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және деректерді бермеңіз, - дейді ведомство өкілдері.

Тексеру үшін полиция eGov.kz сайтына немесе 1414 байланыс орталығына хабарласуды ұсынады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: