ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялардың баспасөз қызметі хабарлады.
eGov.kz порталында қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды сұратуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл қызмет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары туралы ақпаратты алу процесін жеңілдетеді.
Қызмет пайдаланушыларға мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалар үшін қамқоршы мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді. Анықтаманы алу үшін сұрау жіберу жеткілікті және оны міндетті түрде қамқоршы растауы керек. Барлық деректер автоматты түрде мемлекеттік дерекқорлардан жүктеледі, бұл процестің жылдамдығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Қызметті пайдалану үшін:
Осыдан кейін қамқоршыға сұранысты растау үшін 1414 нөмірінен SMS хабарлама келеді. Сонымен қатар, сұраныс туралы хабарлама пайдаланушының eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі. Қауіпсіздік пен дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін процесс хабарлама алынған сәттен бастап, екі сағат өткен соң аяқталады. Қамқоршы сұранысты растаса, анықтама өтініш берушінің жеке кабинетінде "Қызметтер алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады. Егер қамқоршы сұраныстан бас тартатын болса, мәртебе бетінде оның себебі көрсетіліп, жеке кабинеттің "Кіріс" бөлімінде тиісті хабарлама пайда болады.
Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылған.