eGov порталы техникалық жұмыстарға байланысты қызмет көрсетпеуі мүмкін

29 Желтоқсан 2022, 19:31 949

eGov електронды үкімет порталы 29 желтоқсаннан 30 желтоқсанға қараған түні қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі сайттың Телеграмдағы каналына сілтеме жасап.

«2022 жылғы 29 желтоқсан сағат 21:00-ден 2022 жылғы 30 желтоқсан сағат 05:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін» делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: