eGov.kz жүйесінде ақау шықты

3 Тамыз 2022, 11:45 1643

Бұл туралы eGov.kz Telegram-каналында жариялады

eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шығып, қазір мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жоқ, – деп хабарлайды El.kz.

– Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта eGov.kz порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қoсымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс жұмыс жасамауы байқалады. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз.

Қазір аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтер жақын уақытта қалпына келтіріледі деп күтіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген eGov.kz Telegram-каналында.

Бөлісу: