"Егіздер ауылы". Қызылорда облысында бір ауылда 25 жұп егіздер тұрады

21 Мамыр 2023, 11:15 1336

Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Үрмәш Түктібаев ауылы бейресми түрле "Егіздер ауылы" атанды, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Massaget.kz-тің жазуынша, Батыр атындағы ауылда 25 жұп егіз бар. Олардың алды елу жасты еңсерген болса, ең кішкентайы екіден енді асқан. Мұнда 300-дей отбасы ттұрады.

Ауылда 2000 жылдары егіздер көптеп дүниеге келген. Солардың бірі Айдана мен Айбек бүгінде 10 сыныпта оқып жүр.

Шаңырақ көтергелі ширек ғасырдан асты. Жолдасым екеуміз мектепте ұстаздық қызметтеміз. Алла шүкір, 6 баланың ата-анасымыз. Егіздер - әртүрлі спорттық жарыс жеңімпазы. Екеуінің мінезі ұқсамайды, Айдана ұл сияқты, Айбек керісінше. Бір-біріне қамқор, бауырмал, бір-бірін іздеп тұрады", - дейді егіздердің анасы Закира Әбдірова.

Ал Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованың шаңырағында үш жыл бұрын үшемнің үні естілді. Оларға Айғаным, Айғанат, Асылым деген ат қойды. Ерлі-зайыптылардың мұның алдында бес баласы бар.

Бүгінде әлем бойынша 70-80 млн-ға жуық адам егіз көрінеді. Олардың түр-тұлғасы, бет-әлпеті қатты ұқсағанымен саусақ бедері мүлдем бөлек екені ғалымдарды таң қалдырып отыр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: