Егіс науқаны осы аптада аяқталады - АШМ

7 Маусым 2022, 10:50 47179

Фото: Egemen.kz

Елдегі егіс жұмыстары осы аптаның соңында толық аяқталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, егіс жұмыстарын жүргізу үшін республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. 

Егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен, қаржыландырумен қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселені үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі орган мен ұйым, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары енгізілді. Егін егу науқанының барлық мәселесі осы штаб аясында шешілді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр облыстарда егіс жұмыстарының қалай жүргізілгеніне тоқталды. 

Облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша биыл 7 маусымдағы жағдай бойынша егіс жұмыстары Ақтөбе (97,7%) және Батыс Қазақстан (86,2%) облыстарынан басқа барлық облыста аяқталды. Аталған облыстарда егіс жұмыстары егіс кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты созылды. Оның аяқталуы осы аптаның соңына дейін жоспарланып отыр. Мысалы, жаздық дақылдар 19,8 млн га немесе белгіленген жоспардың 100,2% (жоспар 19 835,3 мың га), картоп 189,6 мың га (99,4%, жоспар 190,7 мың га), көкөніс-бақша дақылдары 269,2 мың га (97,4%, жоспар 276,5 мың га), көпжылдық шөптер 429,6 мың га (99,7%, жоспар 430,7 мың га) егілді, - деді министр. 

Бөлісу: