Египет астанасы Каир қаласында бүгін жолаушылар мінген автобус сенбіде Каир мен Александрияны байланыстыратын тас жолда апатқа ұшырап, 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Аfricanews.com-ға сілтеме жасап.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бірнеше көліктің соғылуы салдарынан өрт шығып, 63 адам жарақат алған. Жедел жәрдем зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізу үшін Каир-Александрия шөлді жолындағы апат орнына жетті.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, автобус тоқтап тұрған көлікке соғылып, отқа оранған.
Желіде кең таралған бейнежазбаларда көптеген өртенген көліктер өртенген байқалады. Апаттан кейін өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған.
Мемлекеттік "Әл-Ахрам" газеті Каирден солтүстікке қарай 160 шақырым жерде орналасқан Нубария қаласында болған апатқа 29 көлік қатысқанын хабарлап отыр.
Жергілікті органдардың мәліметіне сәйкес, Египеттің метеорологиялық басқармасы апаттан бір күн бұрын тас жолдарда қатты тұман түсетінін ескерткен.
Мысырда жыл сайын өлімге әкелетін жол-көлік оқиғалары мыңдаған адамның өмірін қиып отыр. Бұл көлік қауіпсіздігінің нашар көрсеткіштерін толықтырып келеді. Жол апаттары көбінесе жылдамдықты шамадан тыс арттырудан, жолдардың нашарлығынан немесе жол ережелерінің сақталмауынан болып отыр.