Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ведомство іске асырып жатқан жас мамандарды жұмыспен қамту және жастарды қолдаудың басқа да шаралары туралы айтты.
Тамара Дүйсенова сөз басында Мемлекет басшысы өз Жолдауында жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек ресурстарының сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті.
Министр жастарды іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасуға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, ол жастардың Қазақстанның кез келген өңірінен жұмыс таба алатынын атап өтті.
Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл платформа жұмыс іздеудің де, жұмысшыларды іздеудің де бірыңғай алаңына айналды. Қазір Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 111 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынған. Жастар – халықтың ең мобильді санаты, Электрондық еңбек биржасының көмегімен елдің кез келген өңірінде жұмыс таба аласыз, – деді Тамара Дүйсенова.
Министр Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс тауып қана қоймай, таңдалған бағыт бойынша онлайн курстардан өтіп, жаңа кәсіби дағдыларға үйренуге болатынын атап өтті.
Сіздер жастар арасында сұранысқа ие дағдылар бойынша курстардың авторы бола аласыздар. Оларды Электрондық еңбек биржасында тегін орналастыра аласыз, ал болашақта ақылы негізде ең танымал курстар бойынша оқуды жасай отырып, одан ақша таба аласыз, – деп толықтырды Тамара Дүйсенова.
Еңбек және халықты әлеуеметтік қорғау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік Агрокредиттік корпорациямен бірлесіп, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берудің тетіктері мен параметрлерін әзірлеп жатқанын қосымша айтып өтті. Жыл сайын бұл қолдауды 6 мыңға дейін жас пайдаланады. Бұл мақсаттарға бюджетте қарастырылған сома жыл сайын шамамен 30 миллиард теңгені құрайды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жастарға бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жыл сайын 1,2 миллион теңгеден астам сомаға 9 мың қайтарымсыз гранттар берілетін болады.
Кездесу барысында Тамара Дүйсенова Ұлытау облысының белсенді жастары қойған барлық сұрақтарға жауап берді.
Жұмыс сапары аясында 6 қазанда министр Ұлытау ауданының жастарымен кездесу өткізеді.