Едіге Емберді серпе көтеруде Азияның жастар арасындағы жаңа рекордын орнатты

20 Шілде 2022, 18:13 2385

Бұл туралы Ауыр атлетика федарациясы мәлімдеді

Емберді Едіге 17 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионы атанды,– деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ауыр атлетика федарациясы мәлімдеді. 

73 келіге дейінгі салмақта біздің спортшымыз 309 (136+173) келі нәтижемен көш бастады, жұлқи көтеруде «күміс», серпе көтеруде «алтын» иеленді.

Едіге серпе көтеруде және қос жаттығу қорытындысы бойынша Азияның жастар арасындағы жаңа рекордын орнатты.

І орын: Едіге Емберді (136+173) Қазақстан
II орын: Варапот Насуривонг (135+172) Тайланд
ІІІ орын: Ерматов Диербек (137+150) Өзбекстан

Бөлісу: