ЕАЭО техникалық регламенттерін қадағалау туралы келісім ратификацияланды

24 Қараша 2022, 18:50 1071

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

EL.KZ
Бөлісу: