ЕАЭО-да жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу мүмкіндігі ұзартылды

28 Қыркүйек 2023, 13:37 1017

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер үшін бірқатар маңызды шешімдер 2023 жылғы 26-27 қыркүйек аралығында Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің екі күндік отырысында қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

СИМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Отырыста ЕАЭО-ға қатысушы елдер қазақстандық тараптың бастамасымен тағы екі ұсынысты қолдап, қабылдады. Біріншісі - бизнестің ЕАЭО бойынша әріптес елдердің мемлекеттік сатып алуларына қатысуы үшін қолжетімді тауарлар мен қызметтердің тізімін одан әрі кеңейту туралы. Қазақстан бұл жұмысты дәйекті түрде жүргізіп келеді. Өткен отырыста қолжетімді сатып алу қатысуға болатын екі жаңа сала - ауыр машина жасау және өлшеу құралдары енгізілді. Арнайы, ауыр машина жасау, химия және мұнай-газ өнеркәсібі, өлшеу аспаптары салаларында 7 тауар позициясы бойынша шарттар, өндірістік және технологиялық операциялар белгіленді.

Екіншісі ұсыныс дәрілік заттарды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға қатысты болды. 2025 жылға қарай дәрілік препараттардың бірыңғай нарығын қалыптастыру үшін қажетті құжат 2021 жылдан бастап талқылануда. Қазақстандық тараптың ұсыныстары өз аумақтарында таңбалауды енгізген ЕАЭО-ға мемелекеттік-мүше дәрілік препараттарды сәйкестендіру құралдарын өзара тану шарттарына қатысты болды. Осы нормалар әлі қабылданбаған елдер экспорт кезінде өз препараттарын тауарлар әкелінетін мемлекеттің заңнамасына сәйкес таңбалайтын болады.

Жеке тұлғалар мен онлайн-сатып алуды ұанататын тұлғалар үшін маңызды шешімдердің ішінен-2024 жылғы 1 сәуірге дейін ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың, яғни сәлемдемелердің шекті құны 1000 еуроға дейін ұзартылды. Бұл уақытша шара онлайн-сауданы қолдауға қамтамасыз етуге және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының импорттық тауарларға деген сұранысын қанағаттандыруға арналған.

ЕЭК Кеңесі ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер секторы бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Құжат қатысушы елдердің сайттарында еркін қолжетімділік қамтамасыз етілетін ақпараттың тізбесін және ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру мүмкіндік береді.

Кеден одағының ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістер ет өнімдерін тұтынушыларды адастырмау үшін тағамдық заттардың мөлшерін және рұқсат етілген ауытқуларды дұрыс көрсетуді бақылауға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Сондай-ақ, кедендік, Техникалық реттеу, энергетика және ақпараттық өзара іс-қимыл салаларындағы экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған бірқатар мәселелер қаралды және қабылданды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: