ЕҰУ-де реформаның маңыздылығы талқыланды

3 Маусым 2022, 16:26 1502

Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде «Конституциялық реформалардың жаңа Қазақстан үшін маңыздылығы» тақырыбында кездесу өтті деп хабарлайды El.kz сайты.


Бұған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров, «Қазастан студенттерінің альянсы» республикалық қрзғалысының атқарушы директоры Азат Теңгебаев, ЕҰУ Жастпр орталығының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар мәслмхатының депутаты Аян Сәлімгереев,ЕҰУ старосталар кеңесінің төрайымы Гүлдана Қазбекова сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысты.

– Біз референдумды «Жаңа Қазақстанды» және әділ қоғамды орнату мақсатында өткіземіз. Құқықтық мемлекет болғаннан кейін біз заң үстемдігін бірінші орынға қоюымыз керек. Осы талаптарға сай болу үшін заңдарымыз елдің әл-ауқатын көтеруге, халықтың жағдайын жасауға, азаматтарымыздың табысын көтеру үшін халыққа қызмет ету керек, - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров.

Бөлісу: