30 Маусым 2014, 10:46
«Teocuitlatl» - алтынды дәл осындай атпен ежелгі атцтектіктер атаған. Олардың тілінде «Құдайлар экскременті» деген мағынаны берген көрінеді.
Кондар Рид есімді шаруа 1979 жылы әкесінің фермасынан 8 кг құрайтын алтын үйінді тапқан. Бұл оқиға – солтүстік Каролинада орын алған екен. Дәл осы жағдай АҚШ-тағы ең алғаш ашылу болып саналған. Бұл алтынды 3 жылдың көлемінде есік астына қоятын құралы ретінде пайдаланған. Тек сол елдімекеннің зергері байқап қалып ол үйден 3,5$ сатып алғанша ешкім алтын екенін білмеген екен.
Алтын – ерекше жүйеге құрылған. Бұл металла аса тығыз және ауыр болып келеді. Ерекшелігі – созылмалы болуында. Мәселен, 28 грамдық көлемдегі алтынның кішкентай ғана бөлігінен жапырақ іспеттес мөлдір параша соғуға болады. Ал оның қалыңдығы дюймнің миллиондаған бөліктері шығады. Немесе, бір алтын бөлікті созып ұзындығы 70 км болатындай етуге келеді. Ал оның диаметрі адам шашының бір бөлігіндей шығуы мүмкін.
Уақыт бұл металды өте жоғары деңгейге жеткізіп салды. Енді оны бүкіл әлемнен жою мүмкін емес. Себебі, алтынның адам өміріндегі маңызы зор. Адамдар оны жиі жаңартып, басқаша түрдегі кейпімен қайта қолданысқа түсіріп отырады. Әлі күнге дейін табылған алтынның 85 пайызы қолданыста. Бұл деген алтын атаулысының адам өмірінен ешқашан маңызын жоймайтындығын аңғартады.
Осы күнге дейін алхимиктер қарапайым металдан алтын жасап шығару жұмысы бойынша біраз зерттеулер жасап, мүмкіндігінше мақсатын жүзеге асыруға тырысып бақты. Дегенмен, совет ядорлы реакторында бұл нәрсе өз орнын тауып отырды. Кейбір ядролардың радиоактивтілігі алтынға айналып үлгерген көрінеді.
7 жыл бойы ревматикалық ауруларға екпе салу үшін алтын сұйықтығын пайдаланып келеді. Себебі, алтынның сырқатты ушықтыруға қарсы органикалық қасиеттері бар.
Жер бетінде алтын көлемінің ең үлкен орындары бар. Ғалымдардың айтуынша, мұхиттарда шамамен 10 миллиардтаған тонна алтын бар. Оған қол жеткізіп, пайдаға асырудың амалы ойлап табылғанша әлгі көрсеткіш бойынша есептелген. Десекте, жер бетіндегі алтын қоры мен ғаламшар кеңістігіндегі алтын қоры мен салыстыруға келмейді екен. Near деп аталатын ғарыш кемесінің 1999 жылы көрсеткіші бойынша Эрос астероидының өзінде жер бетінде табылған бүкіл алтын қорынан көп екендігі дәлелденген.