Дзюдон Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

22 Қыркүйек, 01:18 707

Шымкентте дзюдон 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Медаль саны жалпы командалық есепте Жамбыл облысының спортшылары топ жарды. Екінші орын ұлытаулықтарға бұйырса, Қызылорда спортшылары үшінші орынға қол жеткізді. 

Еске салсақ, Қазақстан чемпионаты 20-21 қыркүйек күндері Шымкенттегі “Жеңіл атлетикалық манеж” спорт кешенінде өтті. Спорттық додаға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 400-ден астам татами шебері қатысты. 

Перизат Саденова
Бөлісу: