Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды

Кеше, 21:12 150

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 25-28 сәуір күндері Бангкокта өтетін Азия чемпионатына жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тайландта өтетін құрлықтық біріншілікте ел атынан 17 балуан татами шығады. Жалпы, бұл сынға Азияның 30 елінен 300 дзюдошы қатысады деп күтіліп отыр. 

Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын отандық дзюдошылар тізімі төмендегідей.

Ерлер:
Нұрәділ Әлжан (-60 кг)
Шерзод Давлатов (-60 кг)
Ержан Еренқайыпов (-66 кг)
Есет Қуанов (-73 кг)
Мәди Амангелді (-81 кг)
Азат Күмісбай (-81 кг)
Ермахан Ануарбеков (-90 кг)
Максим Мейірлан (-90 кг)
Қажыбаев Ерасыл (+100 кг).

Әйелдер:
Ғалия Тынбаева (-48 кг)
Диана Буркеева (-48 кг)
Толғанай Әбеуова (-52 кг)
Бақыт Құсақбаева (-57 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Кристина Сотникова (-70 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
Ақерке Рамазанова (+78 кг).

Сондай-ақ, қосалқы құрамда Талғат Орынбасар (-60 кг) Ердәулет Бозша (-66 кг), Бақытжан Абдурахманов (-73 кг), Марат Байқамұров (-100 кг) сынды дзюдошылар бар. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: