Дзюдодан Грузияда өтетін турнирге кімдер қатысады

20 Наурыз 2023, 21:34 1092

24-26 наурызда Грузия астанасы Тбилисиде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Аталған жарысқа әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысады деп көзделуде.

Тбилиси татамиінде Қазақстан намысын 24 дзюдошы қорғайды.

Әйелдер:

48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева.

52 кг: Толғанай Әбеуова, Гауһар Ермағамбетова.

57 кг: Бақыт Құсақбаева.

63 кг: Есмигүл Куюлова .

70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы.

+78 кг: Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Ерлер:

60 кг: Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан.

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді.

73 кг: Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов.

81 кг: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар.

90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов.

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000, күміс жүлдегерге – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.

EL.KZ
Бөлісу: