Дзюдодан ел құрамасы Grand Slam жарысына қатысады

1 Ақпан 2023, 17:19 1005

Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Франция астанасы Париж қаласында 4-5 ақпан күндері дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 85 елінен келген 500-ден астам балуан бақ сынайды.

Халықаралық жарысқа еліміздің атынан 14 салмақта 28 дзюдошы татами төрінде тайталасқа түседі.

Ерлер:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас

100 келіден жоғары: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев

Әйелдер:

48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Әйгерім Әбілқадірова, Толғанай Әбеуова

57 келі: Дана Әбдірова, Дана Құсақбаева

63 келі: Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева

70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова

78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова

78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

EL.KZ
Бөлісу: