30 Маусым 2014, 10:49
«Неге бұлай? Менің жасым тек 53-те ғой», -деп дәрігерден себебін сұрап жатып, тиісті жауабын естіген.
Бұл сіздің ақша үшін қатты уайым шегіп, жұмыс істеп, ұйықтамай өткізген сан түндеріңіздің көрінісі. Әрі қарай сізге таңдау жасау қажет. Ақша жинап денсаулығыңызды одан әрі құртасыз ба, әлде адам секілді өмір сүресіз бе?
Бұл адам өмір бойына ақшаның өміріне етене араласқан кісі болған. Джон небәрі 7 жасынан бастап жұмыс істей бастаған. Бірде үндіктерді сатумен айналысса, бірде көршілердің бақшасына қолғабыс білдірген көрінеді. 1939 жылы 8 шілдеде майда саудагер отбасында дүниеге келген Рокфеллер оқуға да көңіл бөлмей бірден жұмысқа кірісіп кеткен екен.
Бұл жігіттің бидайға байланысты оқиғасынан оның ақшаға деген құмарлығын аңғаруға болады. Кәсіпкерлікпен айналысып өзен арқылы өзге аймақтағы серігіне 40 000 $бағасындағы бидайды жіберіп, оның қауіпсіздігіне 150$ аянып қалған. Сол түні дауыл басталған. Осы кезде Рокфеллердің қорыққаны соншалық түн бойы көз ілмей таң атқанға дейін қатты уайымға салынған. Одан соң тездетіп 150 долларға қауіпсіздігі үшін құжаттарын дайындаған. Кейінірек, оған телеграмма келіп, жіберілген тауардың аман екені туралы хабар жеткізілген. Кез-келген адам мұндай жағдайда қуанушы еді, бірақ ол Рокфеллер емес. Ол әлгі қауіпсіздікке кеткен ақшаны уайымдап бірнеше күнге есеңгіреп жатып қалады. Осы тауардың арқасында фирма 500 000 $ тапса да, Джон үшін кішкентай ғана шығын үлкен қайға болды.
Егер де қазіргі заман техникаларын пайдалана отырып өндіретін тауарларын ойлансақ, адам сенбес табысқа кенелері сөзсіз.
Сену қиын, дегенмен, оның жанұясы өте төменгі жағдайда тұрған. Ал жұбайы күйеуінің кәсібіне араласпастан өзі жеке жұмыс жасаған. Осы уақыт аралығында дүниеге келген 5 перзент. Оның төртеуі қыз баласы. Өте ескі киімдермен күнелтіп, қыздары бір-бірінің киімдерін киіп дағдыланып қалған. Тіпті, үйдің кенжесі екінші Джон да әпкелерінен қалған киімдерді киген. Қаншалықты табыс тапса да,үйіне пайдаланбай, тек жинауды ғана білген. Ол балаларына өлтірілген шыбын үшін 2 цент, қарындаштың ашылғаны үшін 10 цент, ағаштың бұталанғаны үшін ұлына – 15 цент беріп отырған. Жұбайы ескі киімдерді киіп, ешқандай көңіл көтеруід білмеген. Тек мінәжат ету үшін шіркеуге ғана барған.
1937 жылы Рокфеллердің өлімінен кейін есептеген жалпы жиналған сомма көлемі – 318 миллиард долларды көрсеткен. Тіпті, біздің заманымыздағы ең бай саналатын Карлос Слим Элудың ақша көлемі – 74 млрд.