Джо Байден ұлына рақымшылық жасады

2 Желтоқсан, 09:39 402

Ақ үй жариялаған мәлімдемеде АҚШ президенті Джо Байден ұлы Хантердің «2014 жылғы 1 қаңтар мен 2024 жылғы 1 желтоқсан аралығында жасаған немесе жасауы мүмкін» қылмысы үшін кешірім беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент ұлын айыптауда саяси мақсат болғанын, сол арқылы Байденнің өзіне залал келтіргісі келгенін айтты.

Бұл айыптаулар Конгресстегі бірнеше саяси қарсыласым маған шабуыл жасап, қайта сайлануыма кедергі келтіргеннен кейін ғана пайда болды. Хантердің ісіндегі фактілерімен танысқан кез келген ақылды адам оны менің ұлым болғандықтан ғана қудалады деген қорытындыға келеді, ал бұл дұрыс емес, - деді Байден.

Ол Хантердің тағдырын бұзуға бағытталған әрекеттер болғанын да қоса кетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: