Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

3 Сәуір 2023, 09:00 1149

 "Қазгидромет" синоптиктері 3 сәуірде ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ел аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша оңтүстік – шығыста қатты жел, оңтүстікте - шаңды дауыл тұрады, батыста тұман болады деп күтілуде.
Жетісу, Жамбыл облыстарында жел тұрып, екпіні 30 м/с-ке жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.Түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады

EL.KZ
Бөлісу: