Дуровтың қамауға алынуы: іске БАӘ араласты

27 Тамыз, 09:05 510

БАӘ билігі Франциядан өз елінің азаматы Павел Дуровқа барлық қажетті консулдық қызметті қолжетімді етуді талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл іс Абу-Дабидің ерекше бақылауында.

Соңғы деректер бойынша, Дуровқа 12 түрлі айып тағылған. Прокуратура құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға, ақша жылыстатуға қатысуы және т.б. бар екенін алға тартты.

Дуровтың көмекшісі мен күзетшісі босатылған.

Айта кетейік, Telegram-ның негізін қалаушыда Ресей, БАӘ, Франция, Сент-Китс және Невис елдерінің азаматтығы бар.

Оны қамауда ұстау мерзімі 28 тамызда аяқталады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: