Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Үш садақшы финалға шықты

9 Қыркүйек, 16:14 590

9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының үш бірдей спортшысы «Пута» нысанасы бойынша финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Бүгін «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтіп жатыр. Ерлер арасында қазақстандық Қасымхан Қанат пен Жәнібек Құлмырзаев, ал әйелдер арасында Айкөркем Батихан финалға шықты.

EL.KZ
Бөлісу: